26 Мамыр 2020
Материал Балдырған

Біз туралы

Құрметті ата-аналар!

«Терек өз қорегін тамырынан алады» дегендей
мектеп жасына дейінгі бала да өзінің туған, сүйікті
жерінде өсуі және оның «шырынымен қоректенуі» тиіс.
Халық даналығы

Балаларды адамгершілікке баули отырып, біз оларды қоршаған ортаның сұлулығын танып білуге үйретуіміз керек. Алайда, көзге көрінбейтін сұлулық та болады, тек  оны көріп білу қажет. №18 «Балдырған» педагогикалық ұжымының басты міндеті- балаларды таңдануға, пікірін айтуға,шексіз риза болуға үйрету. Біз балаларды дұрыс өмір сүруге, қайырымдылыққа, қоршаған әлемнің бір бөлігі болуға тәрбиелейміз.

Біздің балабақшаның ұжымы «Бала және оны қоршаған әлем» жобасы бойынша жұмыстанады. Осы жобаның «Өз өлкеңді сүйе біл» атты  топтамасы дайындалды. Бұл топтаманың міндеттері: қызықты мазмұнымен толықтыра отырып балаларды танымдық өлкетану жұмысына қызықтыру; туған өлке туралы тарихи, географиялық, ботаникалық, мәдени-әлеуметтік түсініктерін кеңейту; балалардың рухани мәдениетін, қоршаған ортаға шығарамшылық қатынасын қалыптастыру. Біздер мектепке дейінгі білім білім беруші-тәрбиешілер балаларды патриоттыққа  тәрбиелеудің еңюасында тұрмыз. Балаларды Отан деген түсінікпен таныстыру барысында, оларға бұрындағы және қиын қабылданатын оқиғалар туралы әңгімелейтін жағдайларды жиі бақылауға болады. Сондықтан, өмірді жоғары рухани тұрғыда қабылдауға баули отырып, балаларды өздерінің шағын Отанын, өздерінің туып өскен жерлерін сүюді, оған деген қызығушылықты тәрбиелеуді мектеп жасына дейін бастаған жөн. Өз Отанын қорғай білу үшін, оны танып білу және жан-тәнімен сүю  қажет.

Біз оқу-тәрбие барысында қолданамыз:
1. Денсаулық сақтау технологиясы, дене шынықтыру сабақтары, сергіту сәті, ертеңгілік жаттығулар, таза ауада серуендеу, саусақ жаттығулары, нүктелік уқалаулар, ояну жаттығулары т.б.
2. Ата-аналарды педагогика-психологиялық  қолдау және оларды  бала дамуындағы құзіреттіліктерін дамыту
3.Өлкетану бағытында  оқу қызметін ұйымдастыру  

Педагогикалық ұжым  тәжірибелі,  білімді, шығармашыл  мамандардан тұрады. Сонымен бірге  психолог, логопед, дефектолог, қазақ тілі, орыс тілі мұғалімдері жұмыс жасайды. Бөбекжай мақсаты: мектепке дейінгі ұйым түлегінің дағдылары  мынадай болуын: Баланың қалыптасқан дағдылары: дене бітімі дамыған; білуге құмар; белсенді; эмоциялық елгезек; үлкен дермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау құралдары мен өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгерген; өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (елі), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар; мектепте оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды.

Орал қаласы 

МКҚК №18 «Балдырған» бөбекжайы  туралы  мәлімет

Ғимарат түрі:  жалпы үлгідегі  2 қабатты

Пайдалануға берілу мерзімі: 2008 жыл

Жобаның қуаттылығы:  МдҰ  140 орынға есептелінген.

Оқыту тілі: мемлекеттік  қазақ тілі, орыс тілі

Тәрбиелеу білім беру жұмысы:  2 тілде (қазақ, орыс тілдерінде) жүргізіледі.

Мекен-жайы:  Орал қаласы    С. Жақсыгулов  көшесі – 44, телефоны: 53-06 - 57;   

Жас ерекшелігіне қарай 6 топ бар.

2-3жас -   кіші  топ – 2(«Күншуақ» тобы оқыту тілі қазақ тілінде, «Капелька» тобы оқыту тілі орыс тілінде)

3-4 жас -   ортаңғы топ – 1(«Пчелка» тобы оқыту тілі орыс тілінде)

3-5 жас аралас ортаңғы және ересек топ-1 («Бәйтерек»оқыту тілі қазақ тілінде)

4-5жас ересек тобы – 1 («Звездочка» тобы оқыту тілі орыс тілінде)

5-6 жас  мектепалды даярлық тобы -1(«Ромашка» тобы оқыту тілі орыс тілінде)

Бөбекжайда тәрбиелеу-білім беру іс-әрекеті мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасы  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  мемлекеттік  жалпыға міндетті  стандартын (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы); «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарын ( ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар)  (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығының 1-қосымша)) негізге ала отырып, «Мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту үлгілік  оқу бағдарламасы»  (12.08.2016ж №499) бойынша оқу тәрбие  жұмысы   іске асырылады. Бөбекжайда балалардың жан – жақты дамуына арнайы саз бөлмесі, психолог бөлмесі, ағылшын тілі,  орыс тілі жұмыс істейді.

№18 «Балдырған» бөбекжайы 1 директор, 1 әдіскер,  12 тәрбиеші және 4 педагог маманмен қамтылған

Онда: жоғары педагогикалық біліммен – 10;

арнаулы орта біліммен – 8

мектепке дейінгі жоғары білімі бар  - 2;

мектепке дейінігі арнаулы орта - 9

Санаты бойынша:

жоғары біліктілік санаты  бар – 2;

І біліктілік санаты  бар – 4

ІІ біліктілік санаты  бар  –  5;

Модератор-3

Зерттеуші-1

Санаты жоқ -4

Меңгеруші

Әдіскер

тәрбиешілер

Басқа мамандар

мейірбике

Шаруашылық персонал

Барлығы

1

1

12

6

1

23

44

 

 

View the embedded image gallery online at:
http://baldyrgan.bilim-oral.gov.kz/#sigFreeId806e2b627a

Атауы: № 18 "Балдырған" бөбекжайы
Тәрбие беру тілі: Қазақ, Орыс
Тип: Мемлекеттік
Негізгі құны, айына: Тарифтік жоспарға сәйкес (көру үшін басыңыз) Білім беру қызметтерінің тарифтік жоспары Жалпы білім беретін топ, толық күндік: 3 жастан 4 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін; 4 жастан 5 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін; 4 жастан 6 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін; 5 жастан 6 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін; Тамақтану қызметтерінің тарифтік жоспары Жалпы білім беретін топ, толық күндік, үлгілік тамақтандыру рационы: 2 жастан 3 жасқа дейін:11000 теңге бір ай үшін; 3 жастан 4 жасқа дейін:13000 теңге бір ай үшін; 4 жастан 5 жасқа дейін:13000 теңге бір ай үшін; 5 жастан 6 жасқа дейін:13000 теңге бір ай үшін; Жеңілдік қызметтерінің тарифтік жоспары Қарастырылмаған
Жұмыс тәртібі: Бескүндік жұмыс аптасы, 08:00-ден 18:00 дейін
Кезекші топ: 07:30-дан 8:00 дейін, 18:00-дан 19:00 дейін (тегін)
Қосымша жабдықтау: логопед; дефектолог кабинеті; педагог-психолог кабанеті; бейнебақылау
Телефон: +7 (7112) 53-06-57
Web-сайт: https://baldyrgan.bilim-oral.gov.kz/
Мекен-жай: Орал қаласы, Садық Жақсығұлов көшесі, 44 үй

ТАӘ: Адеме Аязбаевна Тапауова
Лауазымы Меңгеруші
Жасы: 43 жас
Санаты: ІІ санат
Мектепке дейінгі тәрбие бойынша жалпы еңбек өтілі: 24 жас
Басшының жалпы еңбек өтілі:  7 жас

Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаттылығы: 140 адам

Мектепке дейінгі ұйымның нақты жүктемесі: 143 адам

Балалар топтардың саны: 6

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының

Орал қаласы білім беру бөлімінің «№18 «Балдырған» бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Группа

Жас санаты

Тәрбие тілі

Количество детей

КАПЕЛЬКА

2 жастан 3 жасқа дейін

Орыс

 

25

 

БӘЙТЕРЕК

 

4 жастан 6 жасқа дейін

Қазақ

 

24

 

ПЧЕЛКА

 

3 жастан 4 жасқа дейін

 

Орыс

 

22

ЗВЕЗДОЧКА

 

4 жастан 5 жасқа дейін

 

Орыс

 

25

 

РОМАШКА

 

5 жастан 6 жасқа дейін

 

Орыс

 

23

 

КҮНШУАҚ

 

2 жастан 3 жасқа дейін

 

Қазақ

 

22

 

 

 

Барлығы

141